Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы

2023 жылдың 16 қаңтары мен 15 ақпан аралығында бизнеске жер учаскелерін бөлу саласы және олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу жөніндегі мәселелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі.
Аталмыш салада проблемалы мәселелерге қатысты сұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12, мекенжайы бойынша орналасқан «ANTIKOR ORTALYGY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығына келігу немесе келесе байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады 91-37-04, 91-36-12.