SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026: ғарыш күн тәртібінің төріндегі үш күн
2026 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Қазақстанда халықаралық SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 форумы өтеді. Ірі халықаралық алаң ғарыш саласының өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, бизнес, ғылым және технологиялық қауымдастықты біріктіріп, ғарыш саласының өзекті мәселелерін, жаңа технологиялар мен халықаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.
Форумның негізгі іс-шаралары 7-8 қыркүйек күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында өтеді. Бағдарлама аясында жетекші сарапшылардың қатысуымен панельдік сессиялар мен пікірталастар, практикалық воркшоптар, ғарышкерлермен кездесулер, жаңа ғарыштық технологиялар мен шешімдердің таныстырылымдары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар ғарыш саласындағы негізгі трендтер, даму перспективалары, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жаңа серіктестіктерді дамыту мәселелері талқыланады.
Форумның қорытынды күні, 9 қыркүйекте, Байқоңырда өтеді. Қалаған қатысушылар үшін Астанадан Байқоңырға ұшып барып, зымыран ұшырылымын тамашалауға қосымша мүмкіндік қарастырылған.
SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026 кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және ғарыш саласының болашағын айқындайтын перспективалы бастамалар мен нақты жобаларды талқылауға арналған халықаралық алаңға айналады.
Өтетін орны мен уақыты:
7-8 қыркүйек: Астана қаласы, Nazarbayev University
9 қыркүйек: Байқоңыр*
Тіркелу және толық ақпарат: spacedays.kz
*Байқоңырға ұшу және зымыран ұшырылымын тамашалау мүмкіндігі қалаған қатысушылар үшін қосымша ақылы коммерциялық қызмет ретінде ұсынылады.
SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2026: ғарыш күн тәртібінің төріндегі үш күн

