Сотталушы отбасылы болды

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/20 мекемесінің 27 жастағы сотталушысы отбасын құрып, рақымшылық кезінде босатылды.

Жазасын өтеуші әйел 2018 жылы әйелдер колониясына ұрлық жасағаны үшін тап болды. Екі жылдан кейін әйел жақсы мінез-құлқы мен оң мінездемесі үшін қоныс колониясына ауыстырылды. Онда әйел басқа сотталушымен танысып, 2021 жылдың сәуірінде ерлі-зайыптылар ресми некеге тұрды. Көп ұзамай ер адам бостадыққа шығады, ал өткен жылыдң соңында жас жұп ұлды болды.

Қаңтарда әйел де Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілігіп, жазасын өтеу мекемесінен босап шықты. Бостандыққа шыққан кезде әйелі мен ұлын жұбайы күтіп алды.

— Президенттің жарлығымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, рақымшылық жасалды. Ол босатылғанға дейін жұмыс істеді, талап-арыздарды өтеуге мүмкіндік алды және отбасын құрып, баланы дүниеге әкелді. Бұл оның өмірге деген көзқарасына әсер етті, отбасы алдында мақсат пен міндеттер пайда болды. Бүгінгі таңда біздің мекеменің үш сотталушысы рақымшылық бойынша босатылды және өз отбасыларымен үйде, — деді АК-159/20 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Арман Қошкинов.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ