Әскердегі медбике…

Әскери өмір,болашақ ел қорғаны болар азаматты дайындау қиын.Ел қорғаны  ер болса да, нәзік жандылардың қосар үлесі зор екенін білеміз.Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтыңда бесігін түзейтін –ана.Тілімізді де, дінімізді де діліміздіде ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. Әскери  тәртіпті сақтап,заңдылықты ұстап жүрген аға сержант Патласова ел болашағын ойлауда.

 

20 жылдан астам 5451әскери бөлімінде аға маман,(аға санитарлық нұсқаушы) қызметін атқарады. Нәзік жандылардың төл мерекесіне орай Патласова Светлана Юрьевнамен сұхбат жүргіздік.Екі ұл,бір қыз тәрбиелеп отырған ару.

-Светлана ханым әскери өмірдің,ақ халатты абзал жанына айналу себебіңіз?

-Әрбір арудың арманы дәрігер болуғой.Менің де бала кездегі алға қойған мақсатым дәрігер еді.Болашақ батырларымызға өз көмегімді тигізу,ел болашағының дамуына көмек қолымды созу менің міндетім деп білем!

-Қызметіңіз несімен ерекше?Ел басына күн туғанда нәзік жан иесіне қызмет атқару қиын емес пе?

-Әскердегі дәрігерлік өмір менің арманым болғаны үшін. Жер бетінде дәрігерлік мамандықтан абыройлы,құрметті мамандық жоқ-ау.Бірақ оның құрметінің салмағы қаншалықты ауыр болса, жауапкершілік жүгі де соншалықты ауыр. Ата-ананың аялаған баласының денсаулығына жауапты болу аңай дүние емес.

-Еліміз де қасіретті қаңтар, қиын шақтың бірі індет басқанда, тізесінен тік тұрып қызмет еткен Ұлттық ұлан еді.Сол сәтте ауырған жандарға күндіз түні,суығымен ыстығында қызмет көрсеттік. Сарбаз,сержант, офицерлерге де жауынгерлік қызметтімізді өткердік. Себебі ол менің міндетім.

-Әрбір шақырылым кезінде түрлі қалаларға барып,Ұлттық ұлан сарбаздарын таңдау болады.Сол сәтте барынша қызмет атқарамыз. Бұл жерде барлық сарбаз,балам секілді.Ерекшелік сонда деп білем.

-Бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз?

-Адам денсаулығына қараудан бөлек, қолөнерлік пен тамақ дайындағынды ұнатамын.Бос уақытта ,өзімді дамытуға тырысам. Мысалға, 2013жылы Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында «Мемлекеттік тіл —  менің тілім » атты байқауында 1-орынға иелендім. Қазақ тілін үйрендім. Еркін сөйлеспесем де, барынша түсінем.

Не себепті Ұлттық ұланды таңдадыңыз?

Мен өз елімнің патриотымын! Нағыз елім деген қайсар жандар осында. Ішкі жан дүнием «Ұлттық ұлан»  деді. Өз басым, ақша үшін емес,ұрпағымыздың жігерлі  ,дені сау, күш-қуаты мықты елде болғанын қалаймын.Сол себепті, соған лайық қызмет атқарам.Әскер болған соң, қатаң тәртіп, жауапкершілік танытып,өзіме жүктелген істі абыроймен атқаруға міндеттелем.

  -Сіз үшін бақыт деген не?

-Мен үшін бақыт – шаңырағымның шаттығы,отбасымның амандығы. Елімде бейбітшіліктің орнауы.

-8 наурыз Халықаралық әйелдер, аналар  мерекесі қарсаңында барша нәзік жандыларға тілегіңіз?

— Аяулы аналар, арулар,қыздар сіздерге бастысы денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш,береке. Нәзік жандыларға әрине,әйел бақытын тілеймін!

Лебізіңізге рахмет!

         Ұлттық ұлан әскери қызметкері, аяулы ана, елінің патриоты Светлана ханымға қызметіне сәттілік, отбасына татулық тілейміз. Мерекені шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын.Мереке құтты болсын!

 

ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР СЕРІКБОЛ БОЛАТХАН