Құрметті қарағандылықтар!

«Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жастар, университеттер мен колледждердің бітіру курстарының студенттерін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады!

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.

Жәрмеңкеге кім қатыса алады:
• жұмыс іздеп жүрген азаматтар;
• жоғары және орта оқу орындары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздар;
• мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;
• 35 жасқа дейінгі жастар

Жәрмеңке 7 сәуірде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Университетская к. 28 мекенжайы бойынша академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді.

Байланыс телефоны: 996-397, 996-393
Whatsapp: 8 (775) 644-35-80