QR қол қою. ЕGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды
Авторизацияланып қана қоймай, QR кодын оқу арқылы цифрлық құжаттарға қол қою. ЕGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды. Қазақстандық ІТ-мамандардың озық тәжірибесі туралы ОКҚ алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин айтып берді.
«Бұл механизм қазірдің өзінде Отбасы банкінің жалдамалы тұрғын үйін субсидиялауға өтінімдерге қол қоюда, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жеке кабинетінде талап-арыздар мен өтініштерге авторландыру және қол қою үшін пайдаланылады. Бұдан басқа, дәл осы қол қою механизмі мобильді браузерде және кез келген қосымшада орналастыруға болатын, тіпті SMS түрінде жіберуге болатын PUSH хабарландырулары мен әдеттегі еренсілтемелер (CROSS) арқылы жұмыс істейді. Осы интерфейс тек мемлекеттік жүйелер үшін ғана емес, жалпы open Api қағидаты бойынша кез келген сайт пен қосымшалар үшін де әзірленген. Біз қазір көптеген танымал жеке сайттармен интеграция деректерін пысықтап жатырмыз. Бұл интеграцияларды көптеген танымал алаңдармен пысықтап жатырмыз. Бұл құралдың миссиясы — барлық дерлік интернет-ресурстарда құжаттарға қол қою мен авторизациялаудың бірыңғай қарапайым тетігі болу», — деді спикер.