ONAY! карталары моноқалада

ONAY! карталарын сату нүктелері Абай мен Ақтас, Саран және Топар, Теміртау және Шахтинск кенттерінде ашылды. Осыған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша электронды қамтамасыз ету жүйесі қала маңындағы жеті маршрутта іске қосылатын болады, олар: №100, №107, №121, №122, №127, №146 және №165. Бұл арқылы жол жүру құны екі есеге жуық төмендейді.

Компания сату нүктелерінің мекенжайларын хабарлады:

– Абайда – Абай көшесі, 46/1 және 2-шағынаудандағы 4/1 құрылыс мекенжайларында орналасқан «Сарыарқа нан» павильондарында;

– Ақтаста – Кржижановский көшесі, 25б мекенжайындағы «Сарыарқа нан» павильоны;

– Саранда – Жәкенов көшесі, 18 мекенжайындағы «Сарыарқа нан» павильоны, «Гастроном» дүкені, «Оптимальный» супермаркеті (кеңсе тауарларын сату бөлімінде);

– Топарда – Жастар бульвары 8А құрылыс мекенжайында орналасқан «Сарыарқа нан» павильоны;

– Теміртауда – 70-орам 21в және 8-шағынаудан, 132б құрылыс мекенжайларындағы «Сарыарқа нан» павильондары, «Есдәулет» СҮ (Абай көшесі, 70А), «Магнат» СҮ (Момышұлы даңғылы, 56/5), «Экран» СҮ (Момышұлы даңғылы, 63), «Гвоздика» (7-шағынаудан, 31/1);

– Шахтинскіде – Қазақстан көшесі, 121 мекенжайындағы «Сарыарқа нан» павильоны, Қазақстан көшесіндегі «Ержан» дүкені (кеңсе тауарлары бөлімінде).

7-15 жастағы балалар картасын ONAY! қызмет көрсету орталығында жасауға болады. Мекенжайы: Қарағанды қ., Коммуналдық көшесі, 3. Операторлар дүйсенбі-жұма күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Өз тілшімізден