Оқушыға футбол тегін

Amanat балалар футбол клубы оқушыларға арнап тегін футбол сабақтарын өткізуде. Жаттығулар күн сайын Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы жаңа футбол алаңдарында өтеді.

– Футбол клубы екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. 250-ден астам бала жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша футболмен айналысады, – деді Amanat балалар футбол мектебінің жетекшісі Андрей Миронов. – Сондай-ақ негізгі команда жасақталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, клубтың мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және көпшілікті спортқа баулу.

Футбол мектебі жазылған барлық баланы бірнеше топқа бөліп, күнделікті сабақ өткізуді көздеп отыр.

– Саябақта үш алаң жабдықтаулы, екеуінде сабақ өткізетін боламыз. Үшіншісі – басқа да қала тұрғындары үшін. Тіпті ересектер де алдын ала жазылып, сол жерде футбол ойнай алады, – деді Андрей Миронов.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА