Конституциялық Сот қандай өкілеттіктерге ие?
Конституциялық Сот Конституциялық кеңестің бүкіл өкілеттіктерін алды. Бұл – Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру; Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін Ата заңның талаптарына сәйкестігін тексеру; халықаралық шарттарды ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін тексеру; Парламент пен оның палаталарының қаулыларының Конституцияға сәйкестігін тексеру; соттардың, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңдардың конституциялығын тексеру туралы ұсыныстарын қарау; дау туындаған жағдайда Президент сайлауының және Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын қарау. Сонымен қатар биыл Конституциялық Сотқа жүгінетін субъектілердің қатары толығып, оларға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокурор және азаматтар қосылды. Енді күшіне енген заңдарды Конституциялық Сотта – Бас прокурор, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және азаматтар қосылды.