Хиросима мен Нагасаки қасіретінен кейін жапон халқы мойымай, білім мен өндіріске бет бұрды
«Жасампаз ұлт» бағдарламасында заңгер Әйгерім Құсайынқызы тарихи ауыр кезеңдерді бастан өткерген мемлекеттердің даму жолына тоқталды.
Оның айтуынша, соғыстан кейін Оңтүстік Корея ғылым, білім мен технологияға басымдық берсе, Жапония Хиросима мен Нагасаки қасіретінен кейін өндірісті дамытуға және жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруға ден қойған.
Бағдарламаға қатысқан журналист Амангелді Құрметұлы бұл елдердің басты ұстанымы өткеннің зардабына тоқтап қалмай, болашақта қандай мемлекет құратынын айқындау болғанын атап өтті.
«Кешегі күнге қайғыра бермей, жаңа ойлау жүйесін қалыптастыру, сананы өзгерту маңызды. Біз шын мәнінде жасампаздығы басым халықпыз», – деді ол.
