Елдос Сметов Қазақстанға дзюдодан әлем чемпионатының екінші «қоласын» әкелді

Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов қола жүлдегер атанды.


Бұған дейін спорттық жолында басқа атақтарын айтпағанда, екі дүркін олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы атанған Елдос 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Дильшодбек Баратовпен татамиге шықты.
Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос жеңіске жетті.
Осылайша, жарыстың алғашқы күні Елдос Сметов Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.
Әбиба Абужақынова қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.