«Даму» қоры шағын және орта бизнесті дамытуға қалай көмектеседі
«Шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуы тиіс», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің экономикалық саясаттағы рөлін атап өтіп және де «азамат-бизнес-мемлекет» бағытында қатынастарды қайта құру арқылы бизнесті дамытуда жаңа серпін құруды тапсырды.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыра отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бизнеске, оның ішінде жаңадан бастағандарға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Қор құрылған күннен бастап Қазақстан бойынша жалпы сомасы 13,07 трлн теңге несиені құрайтын 216,5 мыңға жуық бизнес-жобаға қолдау көрсетті.
Кәсіпкерлік әлеуетті ынталандыру ел экономикасының дамуының серпінді өсуіне ықпал етеді. Көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде отандық тауарлар мен қызметтер өндірісінің дамуында, халықты жұмыспен қамтудың өсуінде, тауарлар импортының төмендеуінде оң үрдіс байқалады.
«Даму» қорының Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырды, онда олар бизнес үшін тиімді бағдарламалар туралы айтты, сонымен қатар мемлекеттік қолдаудың тікелей алушылары және қазірдің өзінде облыстың және жалпы еліміздің дамуы үшін жұмыс істеп жатқан жергілікті кәсіпорындардың жұмысын айқын көрсетті.
– «Даму» қоры ұлттық даму институты болғандықтан, Қазақстанның барлық өңіріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдеседі. Бұл – экономикаға айтарлықтай серпін береді. Қарағанды облысында 2010-2023 жылдар аралығында мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер 11,3 мың жаңа жұмыс орнын ашты. Олар бюджетке 552 млрд теңге салық төледі. Қазіргі уақытта «Даму» Қоры шағын және орта бизнесті қолдау үшін бірқатар бағдарламаны, оның ішінде облыс әкімдігімен бірлесіп – «Кәсіпкер» аумақтық нүктелік өңірлік бағдарламасын белсенді іске асыруда, – деп атап өтті «Даму» Қорының Қарағанды филиалының директоры Әсет Сағадатұлы.
Баспасөз туры барысында журналистер кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау алған облыстағы үш кәсіпорынның жұмысымен танысты: «Profland-RT» ЖШС, «Dorosh» ЖК және «AAA LLP» ЖШС/Топар жылыжайлары.
Жеке кәсіпкер Никита Дорош өз компаниясын 2018 жылы құрды және Neyshes Boots брендімен аяқкиім нарығында өзін сәтті көрсетті. «Dorosh» ЖК – жоғары сапа, жайлылық және заманауи дизайнды біріктіретін аяқкиім өндірушісі.
Жеке кәсіпкер Никита Дорош бірнеше жыл бұрын Neyshes Boots брендімен қолдан жасалған аяқкиім шығаратын компания құрды.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры ісін жаңа бастаған бизнесменге өндірісті кеңейтуге тиімді несие беріп, көмектесті.
– Біз нағыз былғарыдан аяқкиім тігумен және оны сатумен айналысамыз. Мен әрқашан қолдан жасалған аяқкиімді жақсы көретінмін. Мен ондай аяқкиімді Алматы компаниясынан сатып алдым, содан кейін оны өзім жасаймын деп шештім. Шеберлер таптым. «Даму» қорының бағдарламаларын пайдаландым. Бизнесімді дамытуға тиімді пайыздық несиелер маған жақсы көмектесті. Соңғы үш жылда осы мүмкіндікті үш рет пайдаландым, – деді «Dorosh» ЖК басшысы Никита Дорош.
Бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау алған өңірдегі бірнеше кәсіпорын өз жұмыстарын көрсетіп, «Даму» Қорының оларға қалай көмектескенін айтып берді.
Кабельдік және баспалдақ науаларын өндіруге маманданған «Profland-RT» компаниясы 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы – 5 мың тонна. 2022 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бойынша кәсіпорын жабдықтарын сатып алу және өндірістік базаны жөндеуге 6%-бен және жетіспейтін кепілмен қамтамасыз етуге «Даму» Қорының кепілдігімен екінші деңгейдегі банк арқылы жалпы сомасы 149 млн теңгеге екі кредиттік транш алды.
Екі жылдан кейін бірыңғай кешенді бағдарламаның арқасында компания банк арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін қаржыландырылды. Пайыздық мөлшерлеме 8%-ға дейін төмендетілді және «Даму» Қорынан кепілдікпен қамтамасыз ету кепілдігі алынды.
– Біздің компания шамамен 18 жаста. Біз күн электр станцияларының құрылысына, кабельдік науаларға және қосалқы құрылымдарға арналған металл профиль өндірумен айналысамыз. Өнім ассортименті үлкен. Өндірісте шамамен 70 адам жұмыс істейді. Біз айналым қаражатын және инвестициялық жобаларымызды несиелеу үшін «Дамуға» жүгіндік, – деп атап өтті «Profland-RT» ЖШС директоры Артем Слесаренко.
Жылыжай шаруашылығы қазір агроөнеркәсіп кешенінің ажырамас бөлігі. Ол халықты жылдың кез келген уақытында жаңа піскен, дәмді көкөністермен қамтамасыз ете алады. Осындай бизнестің табысты мысалдарының бірі – қияр мен қызанақ өсіруге маманданған «AAA LLP» ЖШС.
«AAA LLP» ЖШС (Топар жылыжайлары) қияр мен қызанақ өсіруге маманданған. Мұнда заманауи агротехникалық әдістер мен технологиялар қолданылады.
2024 жылы Топар жылыжайлары банктердің бірі арқылы айналым қаражатын жылдық 10%-бен толықтыру үшін екі транш алды, кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігіне «Даму» Қоры 84% көлемінде кепілдік берді.
– Біз «Даму» қорының және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен кеңеюді жоспарлап отырмыз. 16 позиция бойынша көкөніс өсіреміз – қиярдан бастап салаттарға, аскөкке дейін. Бүгінгі таңда бізде 300-ге жуық адам жұмыс істейді. 6 000 тоннадан астам өнім шығарамыз. Біз өнімді жергілікті нарықта, Астанада және басқа да жақын қалаларда сатамыз. Қазір Таяу Шығыста сұранысқа ие қызанақтың және басқа дақылдардың ерекше түрінің партиясын экспортқа дайындап жатырмыз. 2035 жылға қарай жылыжайларды 40 гектарға дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл ретте бізге «Даму» Қоры көмектеседі, ол бізді қолдайды, сондай-ақ қаржы мәселелері бойынша кеңес береді, – деді «AAA LLP» ЖШС/Топар жылыжайларының директоры Абдурауф Абдумавлонов.
2024 жылдың басынан бері «Даму» Қоры Қарағанды облысының шағын және орта кәсіпорындарының жалпы саны 790 жобасына 31 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Оның ішінде 459 жоба 25,7 млрд теңгеге субсидия, 331 жоба 5,3 млрд теңгеге кепілдік алды. 97 жоба жеңілдікпен 11,2 млрд теңге несие алды.
«Даму» Қоры шағын және орта бизнеске субсидия, кепілдік беріп, жеңілдікпен қаржыландырады. Субсидия – кәсіпкерлердің несиесінің пайызын азайтады. Нәтижесінде кәсіпкерлер үнемделген қаражатты ісін дамытуға жұмсай алады. Бизнес ашуға немесе кәсіпті дамытуға несие аларда банк талап еткен кепіл мүлік аз болған жағдайда Қордың кепілдігі көмектеседі.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»