БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ – МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ

Қоғамның негізі мәдениеттің дамуына тікелей байланысты. Жан мен тәннің саулығы адамзаттық өркениеттің белгісі. Назарларыңызға «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Баян Нұртаевамен болған сұхбатты ұсынамыз.

— Баян Сейтпекқызы карантин уақытында бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салынды. Өнер саласын дамыту дағдарысқа ұшырады дей аламыз ба?

— Жоқ, әрине. Өнер — ешқашан жоғалмайтын, үздіксіз дамитын құбылыс. Карантин біздің өмірімізге өзгеріс әкелді. Өнер де жаңа жағдайға бейімделді. Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің негізгі миссиясы қала аумағында мәдениет, тарихи-мәдени мұраны қорғау, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндеттерді іске асыруға төмендегідей мемлекеттік мәдениет мекемелері тікелей қатысады:

«Мәдениет және демалыс Саябақтар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Қарағанды мемлекеттік зоологиялық паркі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

Құрамында 20 кітапхана филиалы бар «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Шахтер» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған «Жастар», «Локомотив» спорт кешендері және 39 балалар-жасөспірімдер клубы кіреді;

Құрамында Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі және «Молодежный» мәдениет үйі бар «Теміржолшылар мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алайда, әлемнің барлық қызмет салаларына із қалдырған коронавирустық инфекция пандемиясы мәдениет және спорт саласының қызметіне түзетулер енгізді. Осыған байланысты қала тұрғындарының мәдени және спорттық дамуының құлдырауына жол бермеу мақсатында жедел шаралар қабылданды. Осы шаралар шеңберінде онлайн алаңдарда өткізілуі мүмкін іс-шаралардың көпшілігі танымал әлеуметтік желілерде ұйымдастырылды, алайда спорттық жарыстарды онлайн форматқа көшіру айтарлықтай проблемалы болып табылады, өйткені «онлайн спорт» ұғымы бола алмайды.

2021 жылдың 1 жартыжылдығында мәдениет мекемелері 181 290 адамды қамтыған 3088 іс-шара өткізді. Бұл онлайн және офлайн форматтағы ісшаралар (бұқаралық емес).

— «Онлайн спорт» деген ұғым жоқ дедіңіз.Сонда сплрттық шаралар қалай ұйымдастырылды?

— Спорттық жарыстар көрермендердің қатысуынсыз және қатысушыларға қатысты қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып оффлайн форматта өткізілді. Бірақ, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстар, шеберлік сыныптары және басқа да жұмыстар әлеуметтік желілерде үнемі насихатталып тұрады.

Бөлім қызметінің маңызды бағыттарының бірі дене шынықтыру мен спортты дамыту болып табылады.

Бұқаралық спортпен айналысу көптеген бейәлеуметтік құбылыстар үшін превентивті сипатқа ие, барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралар «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!», «Есірткіге жол жоқ»!», «Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!», «Жастар таңдайды-СӨС!» және т.б. өтті.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 5678 адамды қамтыған 66 іс-шара өткізілді. Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асыру шеңберінде 522 адамды қамтитын 3 іс — шара іске асырылды.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізілген кейбір ірі спорттық жарыстарды атап өткен жөн, бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақстанның 200-ден астам мықты спортшыларының қатысуымен қазақ күресінен «Сарыарқа Батырлары» турнирі өткізілді, «AulaFit» жобасы шеңберінде, күн сайын, дүйсенбіден басқа, 150-ден астам адамды қамти отырып, Қарағанды қаласының он спорт алаңында сауықтыру сабақтарының тегін жаттығу кешендері іске асырылуда.

Сонымен қатар, мәдениет мекемелерінде мемлекеттік мерекелер мен әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізіледі. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні «5 арна» телеарнасында одан әрі трансляциялау үшін «Арулар ардақтылар» концерттік бағдарламасы түсірілді, 22 наурыз Наурыз мерекесіне «Первый Карагандинский» телеарнасында, Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне «Қазақ елі-татулық мекені», Жеңіс күніне «Ер есімі – ел есінде» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

— Карантин кезінде үздіксіз халыққа тікелей қызмет көрсеткен қай мекеме?

— Карантиндік шектеулер қала кітапханаларының қызметіне қатты әсер еткен жоқ, өйткені олар адамдар көп жиналатын орын емес. Осыған байланысты қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесі санитарлық нормаларды сақтай отырып, бұрынғы режимде жұмыс істейді.

Осылайша, кітапхана жүйесі адамдарды кітап оқуға тарту бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Осындай ауқымды жұмыстардың бірі — Буккроссинг. Қозғалыс біздің аймақ үшін салыстырмалы түрде жаңа.

Буккроссинг — бұл қоғамдық қозғалыс, флешмобқа жақын идея 2001 жылы пайда болды, оның мәні — адам кітапты оқығаннан кейін оны басқа кездейсоқ адам тауып, оқи алатындай етіп қоғамдық жерде қалдырады. Ол өз кезегінде бұл әрекетті қайталауы керек.

Осы акция әр сәрсенбі сайын қаланың аллеяларында, скверлерінде және саябақтарында, сондай-ақ М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханаға кіре берісте өткізіледі.

Сондай-ақ, кітапхана филиалдары қаланың барлық аудандарында орналасқандықтан, қызметтер барлық тұрғындарға қолжетімді.

— Қарағанды қаласындағы тіл саясаты өте нәзік құбылыс. Бұл жұмыста қандай жаңалық бар?

— Қала аумағында тіл саясатын іске асыру мақсатында Бөлім тарапынан тұрақты негізде мемлекеттік және өзге тілдерді дамытуға бағытталған ісшаралар өткізілуде. Бұл іс-шаралардың бірі тіл оқыту курстары. Осылайша ағымдағы жылы қазақ және ағылшын тіл оқыту курстарымен 400 адамды қамту жоспарланған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша қазақ тілі курстарында 79 адам, ал ағылшын тілі курстарында 85 адам оқып шықты.

Сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде және шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлерін латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиімен таныстыру мақсатында онлайн тренингтер өткізілуде. Бірінші жартыжылдықта 370 адам қамтылды.

Сонымен қатар қала аумағындағы көрнекі ақпараттардағы Тіл туралы Заңы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлім мамандарымен апта сайын рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Рейдтік жұмыстар барысында бірінші жартыжылдық бойынша кәсіпкерлерге 1070-тен аса жадынамалар және қазақ тілін оқыту курстары жазылған дискілер таратылды.

Қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес, пошта, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының нормаларын түсіндіру бойынша жартыжылдық жиналыс өткізілп, 80 өкіл қатысты. Бұл жұмыс халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында жүргізілуде.

Сондай-ақ, БАҚ жұмыс аясында қазақ тілін, латын графикасы, ономастика мәселелерін қазақ және орыс тілдерінде насихаттайтын БАҚ беттерінде 25 мақала жарық көрсе, әлеуметтік желілерде 250-ден астам пост жарияланды. Сонымен қатар «Бірінші Қарағандылық» телеарнасында сегіз бағдарлама мемлекеттік тілде көрсетілді.

— Сұхбат бергеніңізге рахмет. Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА.