ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛ ӘНШІСІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?



⚡️Қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың туғанына биыл 110 жыл толды.

📌Назарларыңызға халық әртісінің өмірінен қызықты 7 дерек ұсынамыз.

✅1912 жылы 2 мамырда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

✅Азан шақырып қойған есімі – Гүлбаһрам.

✅Әкесі етікші болған, жиын-тойларда қолына домбыра алып, серілік құрған.
Анасы әнші, ұлттық қолөнер шебері болған кісі.

✅Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады.

✅Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегіндегі» Еңліктің рөлдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады.

✅24 жастағы әнші КСРО Халық әртісі атағына ұсынылады.

✅Ұлы қазақ әншісі жайлы «Қазақфильм» киностудиясында 2004 жылы «Күләштің ауылы» атты киносы түсірілді.