Ардагер әлем чемпионы атанды

Қарағандылық спортшы Нәсіпқұл Тыныбаев Португалияда ардагер спортшылар арасында өткен дзюдо жарысында топ жарып, чемпион атанды.

Нәсіпқұл Амантайұлы Тыныбаев 81 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. 61 жастағы қарағандылық спортшы әлем чемпионатының финалында австриялық Курт Рейнхольдты жеңді.

Айта кетсек, Нәсыпқұл Амантайұлы барлық жекпежегін, алдын ала кездесулерді қоса алғанда, таза «иппонмен» жеңіп алды. Жүлделі орын алып қана қоймай, Тыныбаев 2022 жылдың мамыр айында Жапонияда өтетін ардагерлер арасындағы олимпиадаға жолдама алды.

Нәсіпқұл Амантайұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері. Дзюдо ардагерінің жаттықтырушылық қызметте 45 жылдық тәжірибесі бар.

Өз тілшімізден