Қарағандыда «Жасыл ел» бағдарламасына қабылдау басталды

Қарағанды қаласында 7 сәуірден бастап «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде жастарды еңбек жасақтарына қабылдау науқаны басталды. Биылғы маусымда 2 000 жас жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда: олардың ішінде 14-15 жас аралығындағы 1 200 жасөспірім және 16-34 жас аралығындағы 800 адам (қоса есептегенде) еңбекке тартылмақ. Әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше басымдық беріледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 7 сәуірден 7 мамырға дейін.

Барлық өтінім электронды түрде қабылданады. Қатысуға ниеттілер Instagram-дағы @qaragandy_jastary және @jasylel_krg парақшаларындағы сілтемелер арқылы онлайн сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды PDF форматында тіркеуі қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

Онлайн-өтінім (сілтеме Instagram-дағы @qaragandy_jastary және @jasylel_krg парақшаларында).

Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі (PDF). Кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі қажет.

Медициналық анықтама (075/У формасы), тұрғылықты жері бойынша емханадан (PDF).

Егер бар болса, әлеуметтік осал топқа жататынын растайтын құжат (PDF).

Онлайн өтінімге сілтеме 7 сәуір күні сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады. 14-15 жас және 16-34 жас топтарына арналған жеке сауалнамалар болады.

Жұмыс маусымы 2 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. Жасақ мүшелері қаланы көгалдандыру, аумақтарды тазалау және экологиялық шараларға қатысады. Еңбек уақыты ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жастарына қарай белгіленеді.

Жалақы мөлшері:

14-15 жастағылар – 85 000 теңге

16-34 жас аралығындағы қатысушылар – 125 500 теңге (салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қоса алғанда)

Байланыс үшін:

Анель: +7-778-393-09-93

Елдар: +7-747-053-34-30

(Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 10:00-18:00)

Ералы ҒАНИҰЛЫ

«QH»