Электронды ақпарат халыққа мемлекетік қызмет көрсетеді
Архивтер жұмысының азаматтар үшін маңызды бағыттарының бірі — заңды құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерді құжаттық растау.
«Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасы халық үшін қолайлы жағдай жасау, бюрократтыққа тосқауыл және көрсетілетін қызмет берушілер арасында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында енгізілген ақпараттық жүйе болғандықтан, қызмет көрсету деңгейі артып келеді.
Осы бағытта электронды сұраныстар қабылдау «Электронды қызмет» белгісімен www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірге «Қарағанды облысының ғылыми- техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» КММ-да «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталған. Келушіге мамандар кәсіби кеңес беріп, өтініштерін толтырып, жіберуге көмектеседі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін электронды цифрлық қолымен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұранысты толтыру керек.
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бүгінде мемлекет дамуының аса басты бағыты болып отыр.
Азаматтар мен ұйымдар еңбек өтілін, еңбектің жеңілдікті сипатын, жалақы мөлшерін, зейнетақы қорларына жарналар аударуды, оқу орны туралы мәліметті және т. б. растау үшін архивке жүгінеді.
Сонымен қатар тақырыптық сұраулар және оқу залына келушілер бар, бұл — белгілі бір тақырып, оқиға, факт туралы ақпарат беру туралы сұраулар, сондай-ақ генеалогиялық сұраулар.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымның, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлануы тиіс.
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Архивтегі мемлекеттік қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау) кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз, кезек тәртібімен қабылданады.
«Электронды үкімет» порталы арқылы тәулік бойы сұраныстар жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда күн өткен сайын артып келеді.
Осы мақсатта архив қызметкерлері тұрғындарға насихаттау- түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, шағын кітапшалар (брошюры), баннерлер, хабарландырулар, мақалалар жазып жариялайды. Әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жарияланып тұрады.
Мемлекеттік архивте өтініш қабылдау және архивтік анықтама беру сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Н.З. НАМАЗБАЕВА,
«Қарағанды облысының ғылыми- техникалық құжаттама жөніндегі
мемлекеттік архиві» КММ бөлім басшысының м. а.