Өнер колледжі студенттерімен онлайн кездесу өтті

Бүгін а.ж. 8 ақпанда күні ақпараттық-түсіндіру тобы Тәттімбет атындағы қарағанды өнер колледжі студенттері арасында Covid-19 қарсы екпесі және қайталап екпе алу туралы онлайн кездесу өткізді.


Кездесу барысында спикер «омикрон» туралы атап өтті. Сонымен қатар, «Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының пікірінше, қолданыстағы екпемен «омикрон» штаммынан инфекция кезінде ауруханаға жатқызудан, асқынудан және өлімнен 70% қорғайды» -деп атап өтті.
Сондай-ақ, спикер екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, қайталап екпе алу, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 80 адам қатысты.