Қарағандыда студенттерге экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыбында кездесу өтті

Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің студенттері үшін эколог Денис Юрьевичпен танымдық кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында маман экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және күнделікті өмірде табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңыздылығы туралы әңгімеледі.

Кездесу студенттерге экологиялық жауапкершіліктің маңызын түсініп, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға ой салды.