ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ!
🇰🇿 Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – еліміздің тұрақты дамуының маңызды негіздерінің бірі.
«Бірлік. Заң. Қоғам» әлеуметтік жобасы аясында ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік және діни алауыздықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
📌 Алауыздықты қоздыру дегеніміз не?
🔹 Ұлттық намыс пен қадір-қасиетті қорлауға бағытталған әрекеттер;
🔹 Азаматтардың ұлттық немесе нәсілдік белгілері бойынша бір топтың артықшылығын насихаттау;
🔹 Адамдарды ұлтына, нәсіліне немесе діни ерекшеліктеріне байланысты кемсітуге бағытталған әрекеттер.

