Медициналық сақтандыруы жоқ
Емханаларға бекітілгендердің шамамен 17%-ында медициналық сақтандыруы жоқ. Қарағанды облысында қазір қиын және тосын жайтқа тап болған азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосу жұмыстары күшейтілді. Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған, табысы төмен адамдар. Олар мемлекеттің көмегіне мұқтаж.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова үй-үйді аралаудың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, сақтандырылмайтындардың әлеуметтік портреттері құрастырылған. Мысалы, облыс бойынша «D» санатына 120 250 адам кірсе, оның 35 726-сы сақтандырылмағандар – жұмыссыздар немесе бейресми жұмысшылар. Тоғыз пайызы үй шаруасындағы әйелдер. Сонымен қатар, рейд кезінде кейбірінің басқа облыстарға немесе шетелге кеткені белгілі болды.
– 931 177 адам сақтандырылған, ал 161 835 тұлға сақтандырылмаған. Бұл 17,3%-ды құрайды. Бекітілген алгоритм бойынша, Е санаттағы азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту жұмыстары жалғасуда. Біздің облыста, жіберілген тізім бойынша, Е санатындағы сақтандырылмаған адамдардың саны 8 790 адам, – дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.
Қарағанды облысында соңғы мәліметтер бойынша барлығы 161 835 адамның медициналық сақтандыруы жоқ – бұл медициналық ұйымдарға бекітілгендердің жалпы санының 17,3%. Олардың кейбіреулерін мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосуға болады. Мемлекет жарна төлейтін жеңілдік санаттары бар. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне дағдарыс және төтенше жағдай деңгейіндегі азаматтарды енгізу бойынша жұмыс күшейтілді, олар сәйкесінше D және E санаттары, яғни қиын өмірлік жағдайдағы және табысы төмен азаматтар. Оларға мемлекет көмегі қажет. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тізімдерді нақтылауды жалғастырып, тез арада аяқтауды тапсырды. Бұл бөлімдер арасындағы өзара әрекетті қажет етеді. Деректер бойынша табылмай қалғандар үшін бұл іске полицияның араласуы қажет болады.
ҚАНАҒАТ ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»