Ұлы Отан соғысының ардагері – Рассказимов Николай Григорьевич конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде республикалық референдумда өз таңдауын жасады
Қарағанды қаласының тұрғындары республикалық референдумда жоғары белсенділік көрсетуде. Солардың бірі, қаламыздың асыл қариясы, Ұлы Отан соғысының ардагері – Рассказимов Николай Григорьевич конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде республикалық референдумда өз таңдауын жасады.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері, барлық маңызды оқиғаларына үнемі қатысып отыруға тырысамын. 1995 жылғы референдум, президент сайлауында белсенділік таныттым. Осы референдумда да өз таңдауымды жасадым» — деп Ұлы Отан соғысының ардагері атап өтті.
Еске салсақ, 2021 жылы Николай Григорьевич өзін және жақындарын қорғау мақсатында Covid-19 қарсы екпе алған.