Өз дауысын берді
Қарағанды қаласында референдум бөлімшелері ашылған сәттен бастап, қарағандылықтар өз таңдауларын жасап жатыр. Қазіргі уақытта, Қарағанды қаласында жастар мен студенттер дауыс беру кезінде ерекше белсенділік таныту да. Бұл дегеніміз, жастарды ел болашағына деген сенімдері мол екенін дәлелдейді.
Солардың бірі, Қарағанды экономикалық университетінің студенті Айтамбетов Аян Ерғанатұлы конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумда №66 учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Мен өзімнің болашағым үшін маңызды таңдау жасадым, елімнің ертеңіне сенгеннен кейін өз дауысымды бердім», — деп Аян Ерғанатұлы атап өтті.