Жылу маусымы қашан басталады?

Қарағандыда жылыту маусымы 30 қыркүйекте басталады. Бірінші кезекте (28-і күні) балабақшаларда, мектептерде, ауруханаларда және т.б. жылумен қамтамасыз ету іске қосылады.

Жылыту маусымының басталу күні қалалық әкімдікте өткен арнайы комиссияның отырысында облыстық мәслихаттың XII сессиясының шешімімен бекітілген Қарағанды облысында жылу беру кезеңін дайындау және өткізу қағидалары, Қарағанды гидрометеорология орталығының деректері және барлық мүдделі тараптың келісімі бойынша анықталды.

Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 27 қыркүйекте 1-ЖЭО, 3-ЖЭО, жылу желілері мен станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстардың іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісуді, циркуляциялық режим орнатуды тапсырды.

Тұтынушылар орталық жылуға кезең-кезеңмен қосылады. Тұрғын үйлерге жылу беру ПИК, МИБ және ЖМ өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Өтінімдерді дайындық актілерінің көшірмелерімен қоса Пригородный, 9/2 мекенжайындағы «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС кеңсесіне беру қажет.

Жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарларының телефондары:

– Қазыбек би атындағы аудан – 8-777-077-70-06 (Мадияр Жағабайұлы);

– Әлихан Бөкейхан атындағы аудан – 8-701-325-66-66 (Сәтпек Әбдіқалықов).

Диспетчерлік қызметтердің байланыстары:

– «Сенім» бірыңғай call-орталығы – 109, @senim109.kz;

– Қазыбек би ауданының әкімдігі – 41-13-53, @qazybekbi_akim_apparaty;

– Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі – 37-06-42, @a.bokeihan_akim_apparaty;

– «Теплотранзит» ЖШС – 56-17-79, @teplotranzitkaraganda.

Қала әкімінің баспасөз қызметі