«ЖЫЛ ОҚУШЫСЫ — 2022»: ІІІ кезең

2022 жылғы 8 сәуірде Қарағандыда қашық форматта «Жыл оқушысы — 2022» XI қалалық байқауының үшінші кезеңі өтті. Байқауға Қарағанды қаласының білім беретін 50 ұйымынан 6-11 сыныптардың 110 оқушысы қатысты. Сайыстың бұл кезеңінде қатысушылар шешендік өнер байқауынан өзара бақ сынасты.

Қатысушыларға 12 тақырып ұсынылды. Таңдалған тақырып оқушы көзқарасымен ашылуы тиіс.

Қазылар алқасы қатысушылардың дәлел келтіру, негізгі ой тереңдігі, сөйлеу ерекшелігі, сөз байлығы және мәнерлігі, қазіргі қазақ және орыс тілінің нормаларын сақтау, сөз құрылымының дұрыстығы, сөздегі екпін, сөйлеу стилінің бірлігі, мазмұнның ықшамдылығы, презентация ерекшелігін бағалады. Бірінші, екінші және үшінші кезең қорытындысымен конкурстың келесі турына 60 оқушы өтті.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, «QH»