Жоба тиімділігі
«Бюджетке салмақ салып тұр». Қазақстандағы «Жайлы мектеп» жобасы әлі аяқталмағанымен, қазірдің өзінде жанжалдан шыға алмай жүр. Бұл жобаның қаншалықты тиімді екенін және орын тапшылығы мен апатты мектептер мәселесін шешетін-шешпейтіні анықталды.
Қарағандының Оңтүстік-Шығысында барлық мектепте бала саны тым көп, сондықтан «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынған жаңа мектеп төрт білім беру мекемесіндегі жүктемені жеңілдетті. Оны тек бір ай бұрын ашты. Бұл мектеп облыстағы ең үлкені. Мектепте 6 кіреберіс бар, ыңғайлылық пен қауіпсіздік үшін, ал бастауыш және жоғары сыныптар үшін жеке блоктар өздерінің оқу кабинеттері, дәретханалары және спорт залдарымен қамтамасыз етілген. Эргономикалық жиһаз, жақсы жабдықталған зертханалар. Мұндай мектептерде жұмыс істеуге мұғалімдер де ұмтылады. Барлығына жайлылық ұнайды. Өйткені, көптеген елдімекендегі мектептер толып кеткен, апатты жағдайда немесе канализация мен су жоқ. Бүгінгі таңда елде оқушы орындарының тапшылығы 260 мыңнан асады. Ең көп тапшылық Түркістан және Алматы облыстарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сезілуде. «Жайлы мектеп» жобасы бұл мәселені шешуі тиіс.
– Ұлттық жоба аясында 25 жылдың соңына дейін 461 000 жаңа оқушы орындарын ашу жоспарланған. Олардың ішінде 16 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 120 мектеп тапсырылмақ, ал қалған 80 мектеп 2025 жылға өтеді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы мектептер салынып жатыр, – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаментінің инвестициялық жобалар басқармасының басшысы Жайық Махсұтов.
«Жайлы мектеп» жобасы өткен жылы басталған. Оның бюджеті 2 триллион теңгеден асты. Әрбір оқушы орнына 3,6 миллионнан 8,3 миллион теңгеге дейін шығындалуда. Бірақ бұл жоба бірден кәсіпкерлер тарапынан сынға ұшырады. Олардың айтуынша, жобада үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
– Әрине, бұл бар, әрі болашақта не болғанын білеміз. Менің ойымша, сыбайлас жемқорлықтың көптігіне байланысты бұл мектептер де осы үдерістен тыс қалмайды. Бірақ сонымен қатар, бұл мектептер салынып жатыр, олар бар, жұмысын бастады. Әрине, бұл мектептерде оқу өте жағымды. Бұл керемет жоба, ел үшін өте қымбат. Бірақ балалар да, ел үшін сондай қымбат, – дейді педагог, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.
Тағы бір тәуекел ата-аналар балаларын жаңа, жайлы мектептерге беруге ұмтылады, ал олар да шамадан тыс толып кетуі мүмкін, ал қалғандары босап қалуы мүмкін. Сондықтан Президент кейінгі Жолдауында ескі мектептерді сапалы жөндеуді тапсырды. Жалпы, «Жайлы мектепте» 840 мың оқушы оқиды. Халық санының өсімін ескерсек, бұл қазіргі қажеттіліктен 3,5 есе көп.
Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,
«QH»