«Жетістікке жетудегі жүйелі қадам»

Қарағанды қаласының КМҚК «Айгөлек» бөбекжайында «Жетістікке жетудегі жүйелі қадам» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты — мектепке дейінгі білім беру ұйымының инновациялық әлеуетін жүзеге асыруда тәжірибемен алмасу, бірлескен жұмысты жоспарлауда тәжірибе жетілдіруге қолдау көрсету

Семинарда «Қазақ тілі» кабинеті ашылып, кабинет қызметінің стратегиялық бағыт-бағдары ортаға салынды, мамандар тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Жиын барысында педагогтер тәжірибесі «Идеялар зертханасы» тақырыбы аясында талқыға салынды. Бағдарлама бойынша «Фишбоун» әдісімен топтық жұмыс жүргізіліп, қатысушылар «Пікірлесу алаңында» өзара тәжірибе алмасты. «Жетістікке апарар жол» бойынша бөбекжайда экскурсия жасалып, көрерменге ерекше әсер еткен «Балабақша өмірінен әдемі сәттер…» бейнеролигі көрсетілді.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»