Жерлестеріміз жеңіспен оралды

Қырғызстанның Бішкек қаласында ерлер арасында дзюдодан өткен Азия чемпионаты және Астанада самбодан өткен Азия чемпионатынан жерлестеріміз жеңіспен оралды.

Бішкекте өткен байрақты бәсекеде 73 келі салмақта белдескен жерлесіміз Дастан Жұмажан Азия чемпионы атанды. Ал 60 келіде сынға түскен Алдияр Каргулов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Самбодан Астана қаласында өткен Азия чемпионатында 98 келі салмақта бақ сынаған Самалбек Айнатаев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал 64 келі салмақта өнер көрсеткен Ерсайын Омаров чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды.