Жерлестеріміз Гонконгтағы Дүниежүзілік ойындарда өнер көрсетеді

Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері Даниэль Диль мен Вадим Шуляр спорттық акробатикадан әлемдік рейтингіде 2-орынға көтерілді. Үздік үштікке енген спортшылар қазан айында Гонконгта (Қытай) өтетін Әлемдік ойындарға жолдама алды. Олар біріншілікке шақырушы тарап, яғни жарысты ұйымдастырушылар есебінен аттанады.

Бұл нәтижеге қарағандылық дуэт Әлем кубогының кезеңдерінде тамаша өнер көрсетудің арқасында қол жеткізді. Бургас қаласында (Болгария) Даниэль Диль мен Вадим Шуляр үздік атанды, ал Польшадағы Жешувта күміс медаль жеңіп алды.

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты негізінде