Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек

«Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы.

Мен бүгін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынамын. Бұл – Ата заңымыздың талабы. Конституцияға енгізілетін түзетулер Тәуелсіз Қазақстан тарихының келесі парағын ашады деп сенемін. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.