Жеңістің 80 жылдығына орай жастар арасында патриоттық челлендж басталды
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы #БатырдыңҰрпағымын хэштегімен жастар арасында патриоттық челленджді бастайды.
⠀
Бұл челлендж – батыр бабаларымыздың ерлігін еске алып, олардың рухын ұлықтау, бүгінгі ұрпақтың алғыс пен құрметін жеткізудің бір жолы.
⠀
Сен де қаһарман атаң жайлы айтып, оның ерлігін ұрпаққа жеткіз!
⠀
#БатырдыңҰрпағымын хэштегін қолданып, бейнежазба, фото немесе пост түрінде өз тарихыңмен бөліс!