Жеңілдік кімге беріледі?
Қарағанды облысында 15 наурыздан бастап I топтағы мүгедектер мен көпбалалы аналар «Республикалық жеңілдік» жаңа көлік картасын ресімдей алады. Онымен жол жүру Қарағанды, Саран және Алматы автобустарында, сондай-ақ ONAY! электронды төлем жүйесі іске қосылған Қарағанды облысындағы маршруттарда тегін болады.
Картаны бастапқы шығару құны 0 теңге, қайта шығару 950 теңге.
I топтағы мүгедектерден басқа «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар қоғамдық көлікте жол жүру кезінде жеңілдіктерді пайдалана алады.
Картаны мына мекенжайларда ресімдеуге болады:
– Коммуналдық к-сі, 3;
– Open Karaganda – Назарбаев даңғылы, 39;
– «Ұмай» СҮ – К.Маркс көшесі, 9;
– «Молодежный» МҮ – Металлистер көшесі, 24/2.
ONAY! негізгі қызмет көрсету орталығының және филиалдарының жұмыс уақыты: жұмыс күндері 09:00-ден 18: 00-ге дейін.
Марапатталған көпбалалы аналар тапсыратын құжаттар:
– жеке куәлік;
– фото;
– марапатталған көпбалалы ана кітапшасының түпнұсқасы.
I топтағы мүгедектер үшін:
– жеке куәлік;
– фото;
– МӘС анықтамасының түпнұсқасы.
Егер бенефициардың жеке ONAY! картасы болса, фотосурет әкелудің қажеті жоқ.
Қала маңындағы және облыстық маршруттарды пайдаланатын I топтағы марапатталған көпбалалы аналар мен мүгедектерге «Әлеуметтік» картасын «Республикалық жеңілдік» картасына айырбастау қажет.
Жеңілдіктер туралы анықтамалар мен куәліктер (түпнұсқа) қала маңындағы маршруттарда тек 1 сәуірге дейін жарамды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі