Жасөспірімдерді жазғы демалыста жұмыспен қамту

«Қоғамдық жұмыстар» — халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, қызметкерлердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері.

Ұлттық жобаның осы бағытына жазғы демалыс уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыссыз азаматтардың, студенттер мен жоғары сынып оқушыларының (16 жастан бастап), сондай-ақ тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың қатысуға құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын кемінде 25 АЕК мөлшерінде жүргізеді. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың бос жұмыс орны болған жағдайда, мерзім өткеннен кейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.