Жас мамандарға арналған зертхана

Қарағандыда жас педагогтерге арналған JAŃASHYL USTAZ зертханасы ашылды. Зертхана облыстағы Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының базасында құрылды.

– Зертхана жас педагогтер үшін тамаша бастау болады деп ойлаймын. Жоба кәсіби шеберлікті арттыру, тәжірибе алмасу, жаңа идеяларды іске асыруды көздейді, – деді Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова тұсаукесер салтанатында.

Сондай-ақ облыстың жас педагогтері үшін Білім басқармасы телеграм каналын іске қосты. Каналда жас мұғалімдер өздерін толғандырған сауалдарға жауап ала алады.

Арман АБИЛҚАСЫМОВ