Жас болсада Үздік командир

Рота командирі-жеке құрамды басқарудағы және жауынгерлік міндетті орындаудағы аса маңызды лауазым.Ол сарбаздан бастап сардарға дейінгі сара жолды жүріп өткен,білімі мен біліктілігі тең түсетін,талапшылдығы мен басқарушылығы жоғары басшы.Сатылап жүріп тәжірибе жинақтап,өзін әрқилы қиындықпен дауылға,аязбен жаңбырға төтеп берердей,жеңіл мен ауырды алып жүрердей шыңдайды.Осындай жандардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің 3 атқыштар ротасының командирі Базарбаев Достонбек Равшанбаевич.Достонбек Равшанбаевич Қазақстан бойынша ең үлкен ҚАЖ мекемесінің қауыпсіздігін қамтамасыз ететін 7 атқыштар ротасының командирі.Өмірі мен қызмет жолына тоқтала кетсек,болашақ сардар 1994 жылы қарашаның оң бірінші жұлдызында дүниеге келген.2012 жылы мектептен түлеп шыққан жастүлек еш ойланбастан отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.Әскери өмірдің дәмін татқан жас сарбаз болашақта офицер болуды армандады.Сол арманның жетегімен,әскери борышын өтеп болысымен Петропавловск қаласындағы әскери институтына оқуға түсті.Төрт жылдық әскери білімді жетік меңгеріп алғашқы қызметіне 6505 әскери бөлімінің 2 атқыштар батальоны 4 атқыштар ротасының командирі болып бастады.Төрт жылда әбден аяққа нық тұрып,қадірлі офицер ретінде тәжірибе жинақтаған аға лейтенант 2021 жылы 6505 әскери бөлімінің 3 атқыштар батальонының 7 атқыштар ротасына осы күнге дейін командирлік қызмет етуде.Қазіргі уақытта екі ұлын тәрбиелеп өмірлік ұстанымына берік жеткен жетістіктерімен шектеліп қоймай өзі және қарамағындыларды жетілдірудің жаңа тәсілдері мен жолдарын тауып отырады.Сонымен қатар өзіне сеніп тапсырылған жеке құрамының жауынгерлік дайындығы мен әскери тәртібінің жоғары деңгейде болуын қатаң қадағалайды.Осындай ұстанымдармен қатарластары мен әріптестеріне үлгі болып артынан ерген жас офицерлерге бой түзертердей үздік командир.Яғни осы әңгімемді неліктен айтып отыр десеңіздер,оның өз себебін бойымнан өзкіздім.Жалпы өз басыңды ғана ойламай,көпшіліктің көзімен қарап кейде жұмыстанзығырданың шығып қажып кеткенде,кабинетіне кіріп өз ойыңды бөлісіп айтып-айтып тастағын келгенде,еш сөзге келмей мұқият тыңдап алып,байыппен шешім шығарады.Ең жақсы қасиеті не айтып жатсаңда сені бірінші тыңдауға тырысып,содан кейін мәселені шешуге тырысады.Жалпы менің айтайын дегенім әрбір сарбаздың жағдайына тез кіріп сарбаздар мен келісім шарт бойынша әскери қызметкерлердің жауынгерлік рухын (боевой дух) көтеруге әрдайым дайын.Өзіңнен кіші болып сөйлеп тұрғанда әрі қарай не айтарымды білмей кабинетінен «Құп» болады деп шығып кеткенімді білмей қаласын.Әрбір сарбазбен жақсы қарым-қатынаста сөйлесіп олардын рухын көтеріп жібереді,себебі командирде сол сарбаздың киімін киген.Ол өзінің командирлерінің атына кір келгенін қаламайды және өзінің қарамағындағы өзінен кейінгі офицерлерді,келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді және сарбаздардын басын тік көтеріп жүргенін қалайтын офицер. «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан-ұлттық ұлан елі мен халқына қорған»-атты ұранымен қызмет етеді.

Автор:7 атқыштар ротасының қарауыл бастығы

сержант Ералиев Бауман Абильхайрович