Жарнамалық жазбаларды жою
Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының волонтерлері Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Н.Б. Садвакасовпен бірлесіп, Мұқанов көшесіндегі синтетикалық есірткі заттарының жарнамалық жазбаларын жою бойынша рейдтерді жалғастыруда.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – синтетикалық есірткі заттарының таралуына жол бермеу және олардың жарнамаларын жою арқылы қоғамды есірткіге қарсы күреске жұмылдыру. Бұл жастардың санасын сақтап, есірткіден ада қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Айта кету керек, бұл – алғашқы рейд емес. Бұған дейін де осындай шаралар ұйымдастырылып, есірткі жарнамаларының көптеген жазбалары жойылған болатын. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда және алдағы уақытта қала бойынша тағы да осындай рейдтер жүргізілмек.