Жаңа туған нәрестелердің ата-аналары смартфон арқылы 270 мың Туу туралы куәлік алды

Бала туу бойынша проактивті көрсетілетін қызмет қалай жұмыс істейді? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин бұл қызметті түсіндіріп өтті.


Басқаша айтқанда – баланың тууы жөніндегі композиттік қызмет. Проактивті көрсетілетін қызмет қолайлы, өйткені барлық хабарламалар нөмірге SMS арқылы да, мобильді қосымшадағы PUSH арқылы да келеді. Енді eGov Mobile-да хабарламаларға жауап беру оңайырақ.
«Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде медициналық мекемеден ақпарат жіберіледі және барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік деректер базасына түседі. Осыдан кейін Туу туралы куәліктің дайын екендігі туралы хабарлама келеді. Оны ХҚКО-дан алып кетуге немесе үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады. Осы қызмет халық арасында танымал, бала туу жөніндегі проактивті көрсетілетін қызмет іске қосылған сәттен бастап 270 мыңнан астам адам көрсетілетін қызметті сәтті пайдаланды. Ол мобильді қосымшада өте белсенді қолданылады», — деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, барлық банктік деректер екінші деңгейдегі банктердің деректер қорынан автоматты түрде алынады.