Жаңа Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік аппаратта бюрократияны жою

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару саласын дамыту сұрағына көп көңіл бөлетіні белгілі. Бұл туралы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында да кездейсоқ айтылған жоқ. Президент бюрократизация елдің дамуына айтарлықтай кедергі келтіретінін, сондықтан да оның жүйелі деңгейде түбегейлі жойылуға тиіс екенін атап өтті. Яғни, Жаңа Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік аппаратта бюрократияны жою», — деді спикер.