«Жаңа Қазақстан» бағдарламасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси болашағын жаңа мақсатқа бағыттап, бағдарламаның іске асуына жол ашты

«Жаңа Қазақстан» бағдарламасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси болашағын жаңа мақсатқа бағыттап, бағдарламаның іске асуына жол ашты — Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі

Соңғы жылдары азаматтық қоғамның, халықтың азаматтық белсенділігінің төмендеп кетті. Енді жаңарту, жаңғырту мәселелері, экономикалық дамуды жеделдету мәселелері тек қана үкіметтің ғана мәселесі болып қалмау керек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазРена» Қазақстанның ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры, профессор, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Джапаров осындай пікірін жеткізді.

«Соңғы жылдары халық бұл мәселелерді шешуден шеттетілді. Мемлекет, үкімет, аймақ деңгейінде қабылданатын шешімдерге ықпалының жоқ екеніне олардың көзі жетті. Нәтижесінде әлеуметтік экономикалық проблемалар көбейді. Дер кезінде Президент «Жаңа Қазақстан» бағдарламасын жариялап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси болашағын жаңа мақсатқа бағыттап, бағдарламаның іске асуына жол ашты. Бұл бағдарламада азаматтық қоғамға, халық белсенділеріне үлкен орын беріліп отыр. Себебі елімізде болатын барлық өзгерістер ел игілігіне, халықтың дәулетіне қызмет етуі керек. Ал оны іске асыру халықтың қолындағы мәселе. Әр мемлекеттің негізгі өндіруші күші — сол елдің халқы. Сондықтан халық, белсенді азаматтар жиналған азаматтық қоғамдарды бұл мәселеден тыс қалдыру дұрыс емес», — деді спикер.