Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламалар жолданды


2023 жылғы ақпаннан бастап қызмет көрсетудің проактивті форматында жастарды жұмыспен қамту пилоттық жобасы қолға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.
Басты мақсат – жұмыссыз жастарды анықта, мемлекет ұсынып отырған барлық мүмкіндікті толық түсіндіру. Жұмыссыздарды анықтап, қызмет түрлерін ұсыну арқылы ынталандыру мен белсенділіктеріін арттыру.
«13 ақпанда Отбасылық цифрлық картасы аясында кірісі жоқ 12 мың жасты анықтап, қазақстандық жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарлама алды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламаның алғашқы легі жіберілді. Нәтижесінде олардың ішінен 4,8 мыңнан астамы электрондық еңбек биржасына кірген, 306-сы Call-орталыққа қоңырау шалды. Қазірдің өзінде 101 адам жұмысқа орналастырылды, ал 39-ы кәсіпкерлік негіздеріне оқуды бастады», – деді вице-министр.