Жұмыс іздегенге – жаңа мүмкіндік

«Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 22 қазан күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Космонавтар даңғылы, 1В мекенжайындағы «Таир» сауда орталығында Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Жәрмеңкеге қатыса алады:

  • жұмыс іздеп жүрген азаматтар;
  • жоғары және орта оқу орындары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздар;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;
  • пробация қызметінде есепте тұрғандар;
  • мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;
  • «Күміс жас» жобасына қатысатын, яғни зейнет жасына 2 жыл қалған азаматтар.

Қосымша ақпараттарды 996-397, 996-393 байланыс телефондары арқылы немесе WhatsApp: 8 (775) 644-35-80 нөмірінен білуге болады.

Арман АБИЛҚАСЫМОВ,
«QH»