Жұмысқа орналасуға жәрдем беріледі

Жыл басынан бері «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуде. Осылайша денсаулығына байланысты табысынан айырылған жандар үшін жаңа мүмкіндік пайда болды. Олар өздеріне ыңғайлы кәсіп түрін таңдап, еңбекке араласып, табыс табуда.

«Қарағанды қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №7189 қаулысына сәйкес, 2022 жылға Қарағанды қаласының 15 ұйымындағы 75 бос жұмыс орнына мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгіленді. Квота бөлудің нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрақты жұмысқа орналаса алады және мемлекет тарапынан кәсіпорындарды мүгедектігі бар жандар үшін жұмыс орындарын ашуға ынталандырады», – деп хабарлады «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары.

Айта кету керек, Жұмыспен қамту орталығының көмегіне табысынан айырылған кез келген азамат хабарласып, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша көмек сұрай алады. Қандай да сұрақтар туындаса, Бұқар жырау 51/4 мекенжайына немесе 996-397, 996-404 телефон нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ 8 775 644 35 80 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне хабарласуға болады.