Өзенді тазарту
Үлкен айырмашылық. Қала әкімі Мейрам Кожухов орталық саябақтағы су айдынын оңалту жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі таңда тоғанды толтыратын Бұқпа өзенінің арнасын тазарту жұмыстары басты назарға алынып отыр. Енді оған су тазартылған құбырлар арқылы құйылады. Сонымен қатар, тағы бір мердігер көлдің өзін тазартуға кіріскен.
Қала басшысы орталық саябаққа келіп, тексеріс жасады. «Гидроқұрылыс» ЖШС мердігерлері алдағы іс-қимыл жоспарларымен бөлісіп, қандай жұмыстар жасалғанын көрсетті. Мейрам Кожухов жасалған жұмысқа қарап, бұрынғымен салыстырғанда үлкен айырмашылық бар екенін байқады. Саябақ аумағында жергілікті тазарту қондырғылары салынады, олар суды тазартып болғаннан кейін ғана саябақ тоғанына құяды. Қазір жұмыс толық көлемде жүргізілуде. Сонымен қатар, көлдің өзін тазарту бойынша алда ауқымды шараларды өткіземіз, деп атап өтті қала басшысы.
Бұған дейін Қарағандыда саябақ көлін тазартуға 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған болатын. Мердігер – «РИТМ» ЖШС, оның тек Ресей су қоймаларын тазартуда тәжірибесі бар, олар топырақты су астынан көтеріп, судан темір-бетон сынықтарын, бөрене конструкцияларын жинап, сүңгуірлердің көмегімен тоған түбін тегістеу, каналдарды тазалау жұмыстарын жайсайтын болады. Бұдан басқа, мердігер судағы қалдықтар мен қамыстарды және өлі гүлдерді, балдырларды, сондай-ақ басқа да қоқыстарды жинап алады. Мейрам Кожухов мердігерге жұмысын тек бақылау қызметі ғана емес, сонымен бірге қаланың қамқор, әрі жанашыр тұрғындары да қадағалап, бақылайтынын ескертті. Су қоймасы қатқанға дейін жұмыс жүргізу жоспарлануда, дегенмен мұз болған жағдайда да тазалау жұмыстарын жалғастыруға болады. Одан бөлек қала әкімі, жағадағы құмды ауыстырамыз деп уәде берді.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»