Үздік олимпиадалық команда

Ғылым күніне арналған іс-шаралар шеңберінде Қарағанды қаласының № 2 оқушылар сарайында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық оқушылар олимпиадасының облыстық кезеңінің жабылуы және олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Осы жылы олимпиаданың облыстық кезеңіне Қарағанды қаласының 30 білім беру ұйымынан 93 оқушы қатысты. Олардың 59-ы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан табылды.

Өңірлік турдың қорытындысы бойынша, Қарағанды қаласы оқушыларының командасы тағы да «2022 жылдың үздік олимпиадалық командасы» атағына ие болды.

Облыстық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары түрлі білім саласында үздік болуға деген ұмтылысын көрсетті.

Қарағанды қаласының білім бөлімі оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды осы ортақ жеңістерімен шын жүректен құттықтайды!

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, «QH»