«Үздік ауыл әкімі» анықталды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Үздік ауыл әкімі» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша Нұра ауданы Баршын ауылының әкімі Зәуре Муханалиева жеңімпаз деп танылды. Енді ол республикалық кезеңге Қарағанды облысы атынан қатысады.

Байқаудың облыстық кезеңіне 5 ауылдың әкімі қатысқан. Олар: Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округінің әкімі Қуанышбаев Ержан Серікұлы, Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің әкімі Қаспақов Арман Төлегенұлы, Осакаров ауданы Звездный ауылдық округінің әкімі Құдайбергенов Рүстем Құдайбергенұлы, Абай ауданының Есенгелді ауылдық округінің әкімі Григорьян Анжела Людвиговна және Нұра ауданы Баршын ауылының әкімі Муханалиева Зәуре Қазанбайқызы.

Конкурстық комиссия шешімді ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін, ауыл тұрғындары арасында жүргізілген онлайн дауыс беру және әдеп жөніндегі уәкіл сауалнамасы қорытындыларының, сонымен бірге жобалық жұмыстары мен әңгімелесу нәтижелері негізінде қабылдады.

Өз тілшімізден