Өзбекстан Республикасы азаматтарының назарына
Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасы азаматтарының назарына!
2023 жылдың 9 шілдесінде Өзбекстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Өзбекстан Республикасының заңнамасына орай шет мемлекеттерде сайлау учаскелері құрылды.
Азаматтарға барынша қолайлылық жасау мақсатында Өзбекстан Республикасының Астана қаласындағы Елшілігі (№14 сайлау округі, №21 сайлау округі) Қазақстан Республикасының өңірлеріне шыға отырып, төменде көрсетілген орындарда мерзімінен бұрын дауыс беру шарасын ұйымдастырады:
– 30 маусым Қарағанды облысында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қарағанды қ. Шахтерлер даңғылы, 64 мекенжайындағы ҚХА Достық үйі ғимараты;
– 30 маусым Солтүстік Қазақстан облысында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Петропавл қ. Конституция көш., 27 мекенжайындағы ҚХА Достық үйі ғимараты;
– 30 маусым Қостанай облысында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қостанай қ. Алтынсарин көш., 115 мекенжайындағы ҚХА Достық үйі ғимараты;
– 1 шілде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Теміртау қ. Құрылысшылар көш., 47 мекенжайындағы ҚХА Достық үйі ғимараты;
– 5 шілде Павлодар облысында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Павлодар қ. 1 мамыр көш., 4 мекенжайындағы ҚХА Достық үйі ғимараты;
– 4 шілде Ақмола облысында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Көкшетау қ. М.Горький көш., 11 мекенжайындағы ҚХА Достық үйі ғимараты.
Сонымен қатар 2023 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында (Қарасаз көшесі, 1 мекенжайындағы ҚҰБ ғимаратында) стационарлық сайлау учаскесі ұйымдастырылады.