ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ДЕНДЕП ТҰР

Қарағанды қаласында қызылшаның алдын алу мақсатында балаларға екпе егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.Қызылшамен сырқаттану деңгейі өткен аймен салыстырғанда 2 есеге өсті. Аурудың белгілері облыстың барлық аймақтарында байқалады. Осы күнгі жағдай бойынша облыста аурудың 350 жағдайы тіркелді. Оның 300 ге жуығы зертханалық түрде расталған. Оның басым бөлігін 1 мен 4 жас аралындағы балалар құрайды. Осыған байланысты қаламыздың ауруханаларында оларға екпе егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дерттен сақтанып, екпе алуға асыққан жандардың бірі 7 айлық Артурдың анасы Татьяна Семенюк. Қазіргі таңда қызылшаға қарсы екпе алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты дәрігерлер екпе қабылдауды ұсынды. Өйткені екпе қабылдаған жағдайда балалрымыз бұл ауруды жеңіл өткеретін болады. Баламның жағдайы мен үшін маңызды, әрине. Сондықтан иммунитетті көтерудің негізгі жолы екпе қабылдау деп санаймын, дейді қала тұрғыны Татьяна Семенюк. Инфекцияға ең сезімтал 14 жасқа дейінгі балалар. Олар жалпы ауырғандардың 77%-ын құрады. Дәрігерлер вирустың ауа арқылы ұзақ қашықтыққа оңай таралатынын ескертеді. Ол ауыр асқынулармен қауіпті отит, пневмония және жүйке жүйесі сынды т.б ауруларды таратады. Дерттің алдын алудың ең сенімді шарасы уақытылы вакцина қабылдау, дейді мамандар. Дерке қарсы қосымша егу кезінде қызылша, қызамық және паротритке қарсы үндістандық құрама екпе қолданылады. Ол қаламыздың амбулаториялық-емханаларында тегін түрде жүргізілуде. Ақ халатты абзал жандар тұрғындарды жұқпалы ауруларға қарсы екпе алып тұруға шақырады.
Ата-аналарға мен осы қызылшаға қарсы, оның алдын алуда екпеден бас тартпаңыздар дегім келеді. Бұл екпенің арқасында өздеріңізді, балаларыңызды жұқпалы аурудан сақтайсыздар. Және балаларға жаппай егу иммундау науқаны жүргізілуде. Егер қандайда бір осы қызылшаның белгілері анықталған болса дене қызуы көтерілген болса және сонымен қатар бөртпе пайда болса, өздігінен емді қолданбай дереу медициналық мекемелердегіе дәрігерлерге жүгіну қажет, дейді Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Жанар Беркімбаева. Иммундау жұмыстарының негізгі мақсаты қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының және одан пайда болатын асқынулардың алдын алу. Қазір облыс аумағында қосымша иммундау науқаны жүріп жатыр. Облыста Үндістанда өндірілген қызылша, қызамық және паротитке қарсы біріктірілген вакцина қолданылады. Санитарлық дәрігерлер оның қауіпсіз екенін және әлемнің 70-тен астам елінде пайдаланатын айтады. Бұл вакцина Қазақстанда 20 жылдан астам қолданылып келеді. Екпе алғаннан кейін асқынулар әзірге тіркелмеген.