ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП ЖӘНЕ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
🔹Департамент басшысының орынбасары Данияр Абдрахманов Қазыбек би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын өткізді.
🔹Кездесу барысында ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен міндеттері, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
🔹Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
