Қыран елім – Қазақстаным

Республика күні қарсаңында мектеп оқушылары арасында «Қыран елім – Қазақстаным» облыстық патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы – Кеншілер Мәдениет сарайы. Бұл шара жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеп, елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ән сайысына облысымыздың түкпір-түкпірінен келген талантты жас әншілер қатысты.

Байқау 9-12 және 13-17 жас аралығындағы екі санатта өтті. Әр қатысушы туған жер мен Отан туралы бір ән орындап, өз өнерін көрсетті.

– Біздің негізгі мақсатымыз – Қарағанды облысы бойынша жас жеткіншектерді Отанды сүюге, өнерге, әнге, халықты сүюге, тілді сүюге дәріптеу. Байқауға обылсымыздың 70-ке тарта оқушысы қатысып отыр, барша қала, облысты қамтып отырмыз, – Кеншілер мәдениет сарайының басшысы Жарулла Акишев.

9-12 жас аралығында бірінші орынды Қарағанды қаласынан қатысқан, 53 мектеп лицейінің оқушысы Айша Төлеубай бірінші орынды жеңіп алды. Жас өнерпаздың шығармашылығы қазылар алқасының көңілінен шықты.

– Мен «Сарыжайлау» әнін шырқадым. Бұл ән туған жерім туралы, өте әдемі ән. Осы әнді маған мектептегі музыка пәнінің мұғалімі үйретті. Ұстазымның арқасында өте көп жарыстарға қатыстым. Және де шетелге де шығып келдім, – дейді №53 мектеп-лицейінің оқушысы Айша Төлеубай.

13-17 жас аралығында бірінші орын иегерлері – Қызғалдақ Нұрмұқаш пен Малика Амангелдиева. Байқауға Қарағанды қаласының көптеген талантты жастары қатысып, түрлі дуэт, квартет пен ансамбльдер өнер көрсетті. Байқау қатысушылары мен көрермендері осындай патриоттық шаралардың жалғасын табатынына үмітті екенін жеткізді.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ,                                    

«QH»