Ғылыми конференция
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференция өтті.
Конференция қазақтың көрнекті геолог-ғалымы, академигі, есімі отандық және әлемдік ғылымдағы орасан зор жетістіктерімен танымал болған ірі мемлекет және қоғам қайраткері Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналды.
Конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Сәуле Сағынтаева Қ.И.Сәтбаевтың еліміздің геологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи салаларына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Қаныш Имантайұлы Орталық Қазақстанның ғылымы мен өндірісін дамытудың бастауында тұрған. Оның ісін жалғастыруға біздің университет ғалымдары да лайықты үлес қосуда. Өткен жылы ғана олар 1,4 млрд теңгеден астам сомаға 80 ғылыми жобаны іске асырды.
Университет студенттерінде ғылыми және зерттеу жұмыстарының бай тәжірибесін үлгі тұтар адам бар. Сонымен қатар бүгінде жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев атап өткендей, біз инженерлер, конструкторлар, жобалаушылар, агрономдар, бағдарламашылар ұлтына айналуымыз керек. Тек осылай ғана қарқынды ғылыми-техникалық революция жағдайында елдің тұрақты ілгерілеуі мен технологиялық егемендігін қамтамасыз етуге болады.
Конференцияға 817 баяндама ұсынылды, оның 63-і – өзге жоғары оқу орындарынан. Мәжіліс барысында 9 баяндама тыңдалды.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ білім алушылары баяндама жасады: ТТ-20-1 тобының студенті М.А.Бейсенбинов «Жол-құрылыс техникаларына жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында; ГДЗМ-23-2 тобының магистранты И.П.Егоров «Теміржолдардың геодезиялық мониторингісінде цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында; Э-22-1 тобының студенті Д.А.Зияшев «Дағдарыс жағдайындағы компаниялардың маркетингілік қызметі» тақырыбында және Назарбаев университетінің 1-курс студенті Д.А.Калинина «Enhancing the Learning Process with Kolb’s Experiential Learning Model» (онлайн) тақырыбында баяндама ұсынды. Тіпті осы толық емес баяндама тізімінен де қарастырылып отырған мәселелердің кеңдігін бағалауға болады.
Сәуле Сағынтаева қорытынды сөзінде конференцияға қатысушылардың айрықша қызығушылығын және ұсынылған баяндамалардың өзектілігін атап өтті.
Қорытынды пленарлық отырыста сөз сөйлеген Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Әсет Рақышев барлық қатысушыны конференцияның сәтті аяқталуымен құттықтап, секция төрағаларына қысқаша есеп беру үшін сөз берді.
Конференция жоғары деңгейде өтті. Баяндамалар өзекті ғылыми мәселелерге арналды. Оларды дайындаған студенттер мен магистранттар терең білімін көрсетіп, қарастырылып отырған мәселелерді шешу жөнінде көптеген қызықты және ерекше ұсыныстар енгізді.
Конференцияның ең белсенді қатысушыларын Басқарма Төрағасы – университетіміздің Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, математика профессоры, ХАА академигі Сәуле Сағынтаева грамотамен марапаттауға ұсынды.
Конференция қатысушыларына грамота табыстаудың жағымды миссиясын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың атқарушы директоры Аристотель Исағұлов және конференцияның жауапты хатшысы Рымхан Әзілханов орындады.
Соңында Аристотель Исағұлов ректор мен конференция ұйымдастыру комитетінің атынан барлық қатысушыға алғыс білдіріп, оларға оқуда да, ғылыми қызметте де жаңа табыс тіледі.
Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ баспасөз қызметі